АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллект ЕАЭО-ның басымдығына айналуға тиіс деп есептейді. Бұл туралы ол Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында айтты.
Сондықтан Қазақстан 2026 жылы осы тақырыпта ЕАЭО елдері басшыларының кездесуін өткізуді жоспарлап отыр.
"Қазақстан ЕАЭО-да бірінші суперкомпьютерді іске қосты", - деді Қазақстан басшысы.
Сондай-ақ Тоқаев Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы шешімі үшін Ресейге ризашылық білдірді. Ол Алматыда Мәскеу физика-техникалық институтының филиалы ашылғанын атап өтті.
"Бұл – бұрыннан келе жатқан әлемнің жетекші университеттерінің бірі", – деді Қазақстан президенті.
Бүгін Минск қаласына ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары барды. Еуразиялық экономикалық форумға Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, Александр Лукашенко және тағы басқа мемлекет басшылары қатысып жатыр.
Форумға 33 елден 2,7 мыңнан астам адам жиналды. Бағдарлама алты үлкен тақырыптық блокты, оның ішінде 35 іс-шараны қамтиды.