Терроризмді насихаттағандар сотталды

Жалпы биылғы жылдың басынан 52 адам, оның ішінде 2 шетелдік азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды
Sputnik
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Шымкент қалалық соты 2025 жылдың мамырында мегаполис тұрғынын терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитеті.
ҰҚК тергеген қылмыстық іс аясында ол айналасындағыларды адамдарды өлтіруге шақырып, діни негізде зорлық-зомбылықты ақтағаны анықталды.
Кадры задержания подозреваемых в терроризме и экстремизме показал КНБ
"Бұдан бөлек, маусымда ҰҚК материалдарына сәйкес, сондай-ақ Атырау және Ақтөбе облыстары соттарының шешімдерімен діндарлар арасында терроризмді насихаттағаны үшін еліміздің екі азаматы тиісінше 7 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен бірге, фигуранттар жалпы қылмыстары мен террористік белсенді аймақтарға шығуға әрекеті үшін соттылығы болған.
Аталған адамдарға қатысты үкім заңды күшіне енді.
Кадры задержания подозреваемых в терроризме и экстремизме показал КНБ
Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК тергеген қылмыстық істер бойынша 52 адам, оның ішінде 2 шетелдік азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Тағы 52 адамға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Түркістан облысында терроризмді насихаттағандарға сот үкімі шықты