Атырау облысындағы өрт толық сөндірілді

Тікұшақтар барлығы 400 тоннаға жуық су шашты
Sputnik
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы өрт толығымен жойылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша жалын 1510 гектар аумаққа шарпыған.
"Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы барлығы 400 тоннаға жуық су шашты. Өрттің таралуын болдырмау үшін тракторлардың көмегімен минералды жолақтар салынды", - деп жазылған хабарламада.
Өртті толық жою үшін барлығы 200-ге жуық адам мен 40 техника жұмылдырылды.
Қайта өрт шығып кетпеу үшін және жағдайды тұрақты бақылау мақсатында ТЖД, полиция және резерват қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Өрт сөндірушілерге тұрғын үй төлемі қай айдан бастап беріледі – министрлік жауап берді