АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қала тұрғыны материалдық пайда және заңсыз жолмен баю мақсатында жасаған әрекеті үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлады бас прокуратура.
Ол "Бинго" ойынын заңсыз "Instagram" әлеуметтік желісінде тікелей эфирде жүргізген.
"Ойын шарттарына сәйкес, тікелей эфирде бәс тігу сомалары әртүрлі ақшалай қаражатты құрап, қатысушылардың арасынан жеңімпазды анықтап, оған ұтысты телефон номері арқылы жолдаған", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде 90,6 млн теңге табыс тапқан.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсі туралы сотқа жеткілікті дәлелдемелер ұсынды.
Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Instagram* мен Facebook әлеуметтік желілері Ресейде экстремистік деп танылып, оларға тыйым салынған.