АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Гаагадағы НАТО саммитінде Украина тақырыбына қатысты жаңа ештеңе айтылмайды, деп хабарлады РИА Новостиге Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко.
"Украинаға қатысты да біз бұрынғы айтылған ойларды ғана еститін шығармыз", - деді вице-министр.
НАТО саммиті 24-25 маусымда Гаагада өтеді деп жоспарланған.
Politico бұған дейін саммитті ұйымдастырушылар АҚШ президенті Дональд Трамптың шыдамдылығын сынамау үшін оның бағдарламасын қысқарту туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Владимир Зеленский НАТО саммитіне қатысуын жоққа шығармады. Зеленский өз сапары Трамппен ықтимал кездесуге байланысты емес екенін айтып, соңғы шешімді сапар алдында қабылдайтынын жеткізген.