Алматы мен Ақтөбе өңірлерінде фермерлік далалық мектептер ашылады

Жоба БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Алматы және Ақтөбе облыстарында фермерлік далалық мектептер ашылады, деп хабарлайды ауылшаруашылығы министрлігі.
Далалық мектептер "Қазақстанда климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жайылымдарды қалпына келтіру үшін агроорманмелиорация" жобасы шеңберінде құрылады. Жоба БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

"Бастаманың мақсаты — фермерлерді агроорманмелиорацияның заманауи әдістеріне оқыту арқылы жерді тұрақты пайдалану мен жайылымдық алқаптарды қалпына келтіруді ілгерілету. Алматыда қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының базасында көшпелі жайылым мектебін ашу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады. Жоба Қазақстанның климаттың өзгеру салдарына, соның ішінде жайылымдардың тозуы мен ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне бейімделуіне ықпал етуге бағытталған.
"Фермерлік далалық мектептер ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жер ресурстарын тұрақты басқару әдістерін меңгеруге, топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге және мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - дейді министрлік.
Көктемгі егін егу науқанына 674 фермер жеңілдетілген кредит алып үлгерді