АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский Украина еуропаның бірқатар елінде қару-жарақ өндіру желісін ашуға ниетті екенін мәлімдеді.
"Біз Build with Ukraine (Украинамен бірге өндір) бағдарламасын іске қостық және жазда Еуропа елдерінде өндірістік желілерді ашу форматында шетелге біздің технологияларды экспорттауды бастау туралы тиісті келісімдерге қол қоямыз. Бізге көмектесіп жатқан, дрон өндірісін қаржыландырып отырған және Украинада зымыран өндірісін қаржыландыруды бастаған елдерде жұмыс істейміз", - делінген Зеленскийдің Telegram каналында жарияланған хабарламада.
Зеленский Украина осы елдерде әртүрлі типтегі дрон, зымыран және артиллерия шығаруды бастауға ниетті екенін мәлімдеді.
Зеленскиймен кездесуге қатысқан украиналық "Общественное" телеарнасы журналистерінің мәліметінше әңгіме Дания, Норвегия, Германия, Ұлыбритания және Литва туралы болып отыр.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Кремль Батыстың Украинаға қару жіберуі келіссөздерге ықпал етпейтінін және кері әсер ететінін мәлімдеді.