Астанада соғыста қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендердің рухына дұға бағышталды

Түрлі конфессиялардың өкілдері бір мезгілде ең қанды соғыстың құрбандарын еске алды
Sputnik
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Астанадағы мешіттер мен шіркеулерде Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендердің рухына дұға бағышталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мешіттер мен шіркеулерде соғыстың басталған күніне орай дұға оқылды.
Астанадағы "Хазірет Сұлтан" мешітінде еске алу кеші өтті.
Ресей және Беларусьтың Қазақстандағы елшілері Астанадағы Қасиетті Успен соборындағы ғибадатқа қатысты.
"27 миллион адам: орыстар, украиндар, беларустар, қазақтар және басқа ұлт өкілдері қаза болды. Біз олардың рухына тағзым етеміз, ерліктері үшін алғыс айтамыз", - деді Ресей елшісі Алексей Бородавкин.
Беларусь елшісі Алексей Богданов қаза болғандарды еске алу үшін ғана емес, бейбітшілік үшін және соғыстың қайталанбауы үшін де дұға жасалғанын атап өтті.
Молебен в память о погибших прошел в Астане