Астана түбінде ұшақ құлады: қылмыстық іс қозғалды

Апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты
Sputnik
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Астанада жеңіл моторлы ұшақтың апатқа ұшрауына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Апаттың себебі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша трагедия бүгін сағат 11:30 шамасында Жоламан аэродромы аумағында оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады