АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин ПХЭФ-2025 форумындағы пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде әлемге неоколониализм принциптерінсіз құрылған жаңа даму үлгісін құру қажет екенін айтты.
"Элита деп аталатын тар шеңбердің мүддесі үшін басқа елдердің ресурстарын сорып жатқан неоколониализм ережелеріне негізделмеген дамудың түбегейлі жаңа моделі қажет", - деді Путин.
Владимир Путин жаһандық экономика соңғы онжылдықтағы ең үлкен трансформацияны бастан кешіріп жатқанын айтты.
"Жаһандық экономика соңғы онжылдықтағы ең ауқымды трансформацияны бастан кешіріп жатыр. Әлемдік қауымдастық елдері өз әлеуетін арттырып, күштер балансы мен бүкіл экономикалық көріністі өзгертуде", - деді Путин.
18-21 маусым аралығында Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) өтіп жатыр.