АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Иранның ядролық нысандарының төңірегіндегі жағдайға алаңдайтынын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Әрине, бізді Иранның ядролық нысандарының төңірегінде болып жатқан оқиғалар қатты алаңдатады. Мұның қандай жағдацға әкелуі мүмкін екендігі алаңдатады. Бұл болып жатқан оқиғаларға бізден көзқарасты ғана емес, сонымен қатар бейбіт жолмен орындалатын шешімдерді іздеуді қажет етеді", - деді Ресей басшысы Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында.
Сонымен қатар ол Ресей Иранды өзінің заңды мүдделері үшін күресінде, соның ішінде бейбіт мақсаттағы ядролық энергетикадағы мүдделері үшін күресінде қолдайтынын жеткізді.
Қазіргі уақытта Иранның Бушер қаласында ресейлік тараптың көмегімен салынып жатқан бір атом электр станциясы бар. Ресей Федерациясының қатысуымен салынып біткен атом электр станциясының бірінші блогы 2011 жылдың қыркүйегінде Ислам Республикасының ұлттық энергетикалық жүйесіне қосылды. Екі энергоблокты қамтитын стансаның екінші кезегі салынып жатыр.