АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. "Қазақтелеком" басшысы Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында суперкомпьютердің қаптамасын ашу кезінде түсірілген фото мен видеоны жариялады.
Қазақстандағы алғашқы суперкомпьютер өте жақын арада, небәрі 10 күннен кейін іске қосылуы мүмкін, деп жазды ол.
"Техногендік апаттар мен сын-қатерлерді олар пайда болғанға дейін модельдеуге, қалалардағы көлік қозғалысын алдағы бірнеше жылға есептеуге, дәрігерлерге диагнозды тезірек қоюға көмектесуге және үлкен тілдік модельдерді оқытуға болады", - деп жазды ол.
Суперкомпьютер Алматыдағы деректер орталығына орнатылады. Оның өнімділігі шамамен 2 экзафлопсты құрайды, ол арнайы әзірленген жаңа NVIDIA H200 графикалық чиптерінде жинақталған.
Мұндай қуат бүгінде барлық салада қолданылады, ал суперкомпьютер ресурстары барлығына қолжетімді болады.