АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобы Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) аясында Бахрейн мен Малайзияның жетекші медиа компанияларымен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Бахрейннің басты ақпарат агенттігі Bahrain News Agency (BNA), Бахрейннің ең ірі газеттерінің бірі AlAyam және Малайзияның басты ақпарат агенттігі Bernama агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Тараптар мәтіндік контентпен алмасады, қызметкерлерге арналған тренингтер ұйымдастырады, ортақ ақпараттық кеңістікті дамыту жобаларын жүзеге асырады.
Қол қоюға "Россия сегодня" бас редакторының бірінші орынбасары Сергей Кочетков, AlAyam газетінің бас редакторы Рашид Набил Якуб әл-Хамер, BNA агенттігінің бас директоры Абдулла Халил Бухиджи, Bernama агенттігінің атқарушы директоры Нур-Уль Афида Камалудин қатысты.
18-21 маусым аралығында Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы өтуде.