Астана әуежайында ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстарына жабылады

Жұмыстар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі
Sputnik
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Астана әуежайы ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстарына уақытша жабылатынын хабарлады.
"Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 2025 жылдың 1 қыркүйегі мен 4 қыркүйегі және 2025 жылдың 8 қыркүйегі мен 31 қазаны аралығында ұшу-қону жолағы уақытша жабылады", - деп хабарлады әуежайдағылар.
Жұмыстар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл уақытта ұшу-қону жолағы ұшып-қону үшін қолжетімсіз болады.
Әуежай әкімшілігі осыған байланысты рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін ескертті.
Зайсанда әуежай құрылысы басталды