Тоқаев Си Цзиньпинді шығарып салды

ҚХР төрағасы Қазақстанға 16 маусымда келді
Sputnik
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Президент Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлады Ақорда.
ҚХР төрағасы Қазақстанға 16 маусымда келді. Ол Астанадағы "Қытай-Орталық Азия" саммитіне қатысты.
Саммит Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Қытай басшылары қатысты.
Мемлекет басшылары аймақтық қарым-қатынастарды күшейту, саяси диалогты кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, транзиттік интеграцияны дамыту және тағы басқа мәселелерді талқыға салды.
Астанада "Орталық Азия - Қытай" саммиті басталды