Петербург форумында гүлден "Жеңіс" ордені жасалды – видео

Форумға қатысып жатқан компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар сан алуан стенд орнатты
Sputnik
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Петербург халықаралық экономикалық форумына (ПХЭФ) 140 елден 20 мыңнан астам адам қатысуға өтініш жіберді. Ал делегациялардың арасында ЕАЭО, ТМД, БРИКС, АСЕАН, Африка, Таяу Шығыс мен Латын Американың өкілдері бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Форум 1997 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Биылғы форумның тақырыбы – "Ортақ құндылықтар – көпполярлы әлемді дамытудың негізі".
Бағдарламада 150-ден астам шара бар. Онда цифрлық экономика, денсаулық сақтау, халықаралық қатынастар, экология, технологиялық инновациялар, фейктермен күрес және тағы басқа маңызды мәселелер талқыланады.
ПХЭФ-2025
Форумға қатысып жатқан компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар сан алуан стенд орнатты. Жеңістің 80 жылдығына арналған инталляциялар да аз емес. Мәселен, флористер мыңдаған гүлден "Жеңіс" орденін жасап қойды. Оны жинауға 70 сағат кеткен.
20 маусымда Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйлейді.