АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Петербург халықаралық экономикалық форумында автоөнеркәсіптің жаңалықтары таныстырылды.
Мәселен, Қытай өзінің қымбат көліктерін алып барған. Стендте Тank 300, Тank 500, Тank 700, сондай-ақ Wey маркалы көліктерді көруге болады. Бұның барлығын GWM компаниясы шығарады.
Айта кетері, Қытай басшысы Си Цзиньпин Астанаға жасаған сапары кезінде Hongqi ("Қызыл ту") маркалы көлікпен жүрген. 1958 жылы шығарылған көлікті көбінесе Қытай басшылары мінеді.
Ал "АвтоВАЗ" компаниясы "Lada Iskra" атты жарыс көлігін таныстырды. Қозғалтқыштың көлемі – 1,8 литр. Қозғалтқышта 173 аттың күші бар.