Назарбаев университетінің жатақханасында студент қыздың мәйіті табылды

Студенттің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Sputnik
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Астанадағы Назарбаев университетінің жатақханасында студент қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Университет желіде тараған ақпаратты растады.
"NU жатақханаларының бірінде болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлаймыз. Студентіміздің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, осындай ауыр қайғыға ортақтасамыз",-делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде қажетті шұғыл шаралар қолға алынды. Құқық қорғау органдары мен психологтар жұмыс істеп жатыр.
"Біз университет тарапынан материалдық және моральдық көмек көрсетіп жатырмыз", - дейді университет әкімшілігі.
Қазіргі кезде студент қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.