Бірлескен кәсіпорындардың 40%-ы Ресей бизнесінің қатысуымен құрылған – "Атамекен"

Sputnik
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың 40%-ы ресейлік бизнестің қатысуымен құрылған. Бұл туралы "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов Петербург халықаралық экономикалық форумында айтты.
"Бұл синергетикалық әсердің көрсеткіші, мен оның өсу әлеуеті бар екеніне сенімдімін", - деді ол.
Биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде Ресей жалпы сыртқы сауда айналымында 88,8% үлеспен Қазақстанның ЕАЭО-дағы ірі сауда серіктесі мәртебесін сақтап қалды.
Қазақстан Ресей кондитерлік өнімдерін импорттаудан көш бастап тұр