Фото

Андрей Стенин атындағы XI байқаудың шорт-тізіміне қандай суреттер енді - фото

Андрей Стенин атындағы XI халықаралық фотожурналистика байқауының шорт-тізіміне әлем елдерінен жолданған жас және дарынды фотографтардың қандай суреттері енгенін топтамадан көріңіздер
Sputnik
Мәскеуде Андрей Стенинді еске алуға арналған жас фототілшілердің XI халықаралық байқауының шорт-тізіміне енген лауреаттардың есімдері жарияланды.
2025 жылы байқаудың шорт-тізіміне 15 елдің жас фототілшілерінің жеке суреттері мен топтамалары кірді. Байқаудың халықаралық қазылар алқасы 2025 жылы бағалаған жұмыстардың жалпы саны 40 елден келген 593 қатысушының 1800-ге жуық жұмысын құрады.
Шорт-тізімде ұсынылған үміткерлердің жүлделі орындарын, сондай-ақ Гран-при жеңімпазын байқаудың ұйымдастыру комитеті күзде Жеңімпаздарды анықтау салтанатында, сондай-ақ Стенин байқауы сайтының орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларында жариялайды.
Толық тізімді, сондай-ақ шорт-ізімдегі іріктелген суреттерді сайттың орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларында көруге болады.

Байқау туралы

Ресей Федерациясының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың міндеттеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
Бұл жас фотографтарға – талантты, сезімтал және барлық жаңалыққа ашық, біздің назарымызды айналамыздағы адамдар мен оқиғаларға аударатын фотографтарға арналған алаң.
1 / 11

"Кеме тұрағында қанатқа асылып ойнаған Аббас" деп аталатын фото. Авторы - Ракибуль Алам Хан (Бангладеш).

2 / 11

"Босниядағы ауа райы". Авторы - Армин Дургут (Босния және Герцеговина).

3 / 11

"Орыс мінезі: кедергілермен жүгіру". Авторы - Екатерина Якель (Ресей). "Портрет. Біздің заманның батырлары" суреттер топтамасынан.

4 / 11

"Су басқан әуежайдың ұшу жолағындағы ұшақ". Авторы - Ансельмо Кунья душ Сантуш (Бразилия).

5 / 11

"Аударылған рохинджа қайығы". Авторы - Реза Сайфулла (Индонезия).

6 / 11

"Қозғалыстағы тыныштық". Авторы - Мушфикуль Алам (Бангладеш).

7 / 11

"Тыныштықтағы сыбыр". Авторы - Пелагия Тихонова (Ресей).

8 / 11

"Дәстүрлі шаруа". Авторы - Со Пяй Линн (Таиланд). "Менің ғаламшарым" номинациясы.

9 / 11

"Қаптама астындағы жеміс ағаштары". Авторы - Мэндань Чжу (Қытай).

10 / 11

"Ашура". Авторы - Мустафа Абдулхади (Бахрейн).

11 / 11

"Жер боялған аумақ". Авторы - Павел Ившин (Ресей).

Андрей Стенин атындағы фотожурналистер байқауының лауреаттары анықталды