АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Канададағы G7 саммитінен ерте кетуіне байланысты Украина басшысы Владимир Зеленскиймен және НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен жоспарланған кездесуді өткізбейді, деп хабарлайды Wall Street Journal газеті ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Трамптың Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Канададағы G7 саммитінен ерте шығып, АҚШ-қа қайтатынын айтқан.
"Трамптың кетуі оның сейсенбі күні таңертең Зеленскиймен және НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен Украина мәселесін талқылауға қатыса алмайтынын білдіреді", - деп жазды басылым.
Дүйсенбіде Зеленский G7 саммиті барысында Трамптан Украинаға қару-жарақ пакетін сұрайтынын мәлімдеді.