Қытайға мұнай жеткізу көлемі артады – Қазақстан Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

Тараптар мұнай жеткізу жоспарын ай сайын келісіп отырады
Sputnik
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан Қытайға мұнай жеткізу көлемін 2,5 млн тоннаға арттыру бойынша Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде Ресей Қазасқтан арқылы Қытайға жыл сайын 10 млн тонна мұнай жеткізіп отырады.
"Қазақстанда техникалық мүмкіндіктер бар. Біз жылына 1,5 млн тоннадан 2,5 млн тоннаға дейін артыру мәселесін талқылағанбыз", - деді Ақкенженов журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, тараптар мұнай жеткізу жоспарын ай сайын келісіп отырады. Оны арттыру мәселесі де ай сайын талқыланады.
Қытай Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын екі есеге арттыруға атсалысады