АЛМАТЫ, 17 маусым – Sputnik. Биылғы мамыр айында азық-түлік бағасы 0,9%, ал бір жылда 9,6%-ке қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Әсіресе Батыс Қазақстан облысында баға бір айда 2,6%-ке көтерілді. Одан кейін Жетісу мен Абай облыстарында қымбатшылық қатты сезілген. Ал Астанада азық бағасы аса қымбаттамаған. Бұл бір айдағы көрсеткіш.
Ал жылдық көрсеткішке келсек, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Шымкентте тамақ бағасы шарықтаған. Атап айтқанда, жеміс бір жылда 17%-ке қымбаттады. Жаңа егін бірден 25,1% қымбаттады.
Сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 7%-ке көтерілді. Ал етке келер болсақ, бір жылда 10,4%-ке қымбаттады. Жұмыртқа 2,2%, нанның бағасы 3,3%-ке көтерілді.