Астанада "Орталық Азия - Қытай" саммиті басталды

Саммитке Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Қытай басшылары қатысып отыр
Sputnik
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Астанада "Орталық Азия - Қытай" саммиті басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Саммит Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Қытай басшылары қатысып отыр. Олар аймақтық қарым-қатынастарды күшейту, саяси диалогты кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, транзиттік интеграцияны дамыту және тағы басқа мәселелерді талқыға салады.
Отырыста аймақтық қауіпсіздік пен трансұлттық қауіп-қатерлерге төтеп беру жайы да қозғалады.
Саммиттің қорытындысы бойынша Астана декларациясына және Мәңгілік достық, тату көршілік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деген жоспар бар.
Айта кетері, "Орталық Азия - Қытай" саммиті екінші рет ұйымдастырылып отыр. Ал бірінші саммит 2023 жылы Сиан қаласында өткен болатын. Сол кезде алты елдің басшысы екі жылда бір рет жиналуға келіскен.
"Орталық Азия – Қытай" саммиті: Астанаға Өзбекстан президенті келді