АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Канадада өтетін G7 саммиті барысында Владимир Зеленскиймен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Reuters Ақ үй өкіліне сілтеме жасап.
РИА Новости хабарлауынша, Трамп Мексика президенті Клаудия Шейнбауммен де сұхбаттасуды жоспарлап отыр.
G7 саммиті Канаданың Кананаскис қаласында 16-17 маусым аралығында өтеді. Дегенмен, бастапқыда саммиттің ашылуы 15 маусымға жоспарланған болатын.