АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің жаңа кезеңінің нақты күні әлі анықталған жоқ, деп хабарлады РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың сөйлесуіне арналған брифингте Ресейдің Украинамен байланысты жалғастыруға 22 маусымнан кейін дайын болатыны айтылған еді.
Журналист Песковтан "келіссөздің келесі кезеңін өткізудің нақты күні анықталып қойды ма?" деп сұрады.
"Шынымен де, болжамды мерзім айтылды. Әзірге нақты күні анықталған жоқ", - деді Песков журналистің сұрағына жауап беріп.