АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Тегеран ядролық қаруға иелік етпейтініне кепілдік беретін келісімге келуге дайын, деп мәлімдеді Иран СІМ.
"Біз Иранда ядролық қарудың жоқтығына кепілдік беретін кез келген келісімге дайынбыз, өйткені біздің қағидатымыз бойынша ядролық қаруға тыйым салынады. Бірақ егер мақсат Иранды ядролық құқығынан айыру болса, онда біз мұндай келісімге дайын емеспіз", - деді министр Аббас Аракчи.
Ведомство Израильге қарсы шабуылдарды тоқтату шарты туралы да айтты: олар Тегеранға қарсы агрессияны тоқтатқан жағдайда Иран да ұрысты тоқтатады.
"Біздің әрекетіміз - өзімізді қорғау. Әрине, егер Израиль тоқтаса, біз де жауап беруді тоқтатамыз", - деді Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи елшілермен кездесуде.
Бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкиан ел ядролық бағдарламаны дамытуға қарсы қысымды қабылдамайтынын айтқан болатын.