АСТАНА, 14 маусым - Sputnik. Абай атындағы ҚазҰПУ жас ғалымы бірден екі аурумен күресуге қабілетті инновациялық дәрі жасап жатыр, деп хабарлайды ғылым және жоғарғы білім министрлігі.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география факультеті, химия кафедрасының PhD, аға оқытушы Әсем Бақытжанқызы жаңа дәрі жасап жатыр.
Ол гетероциклді органикалық қосылыстар негізінде туберкулез бен диабетке қарсы жаңа дәрілік заттар синтездеп, оның фармакологиялық формаларының ерігіштігін анықтауда.
"Мақсатым – қос биологиялық белсенділікке ие қосылыстар арқылы екі ауруды (туберкулез бен диабет) бір ғана дәрімен емдеу мүмкіндігін қарастыру. Қазіргі жасап жатқан жұмысымыз – елдің келешегіне бағытталған инвестиция. Бұл фармацевтика саласындағы үлкен жаңалық болады", - дейді жас ғалым.