Қазақстан Израильдің Иранға соққы беруіне қатысты мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі Израиль мен Иранды барынша ұстамды болуға шақырды
Sputnik
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Израильдің Иранға соққы беруіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді және қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптайды", - деп жазылған мәлімдемеде.
Министрлік қатысушы тараптарды барынша ұстамды болуға шақырды.
Израильдің Иран Ислам Республикасына жасаған жаппай әуе шабуылы кезінде екі лауазымды әскери басшы қаза тапты.
Иранның жоғары басшысы аятолла Әли Хаменей қарулы күштер қарсыластың шабуылына жауап қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.
"Қарулы күштер толығымен дайын және осы әрекетке шешуші жауапты міндетті түрде береді. Қарсыластың шабуылы кезінде бірнеше командир мен ғалым қаза тапты. Олардың ізбасарлары өз міндетін кешіктірмей орындайтын болады", - дейді Хаменеи.
Израиль шабуылы: Иранның бас штаб пен корпус басшысы қаза тапты