Израильдің Иранға соққысынан кейін мұнай бағасы қымбаттады

Қара алтын құнының қымбаттауы қазірдің өзінде 13% болып отыр
Sputnik
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс әлемдік нарыққа әсер етті.
Мұнай бағасы көтеріліп, қазірдің өзінде 13%-ға өсті. Израильдің Тегеранға жасаған соққыларынан кейін Солтүстік теңіздегі Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 78,50 долларға дейін қымбаттады.
Америкалық WTI маркалы мұнай барреліне 77,62 долларға дейін көтерілді.
Инвесторлар Израильдің Иранға шабуылынан кейін жеткізілімдер тоқтап қалады деп қауіптеніп отыр.
Иран мен Ирак әуе кеңістігі жабылды: кейбір чартерлік рейстердің бағыты өзгерді