"Қазхром" экологияны ластағаны үшін 854 млн теңге айыппұл төледі

Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында ауаға ластаушы заттар нормадан тыс шығарылған
Sputnik
АСТАНА, 13 маусым-Sputnik. Экологияға келтірілген зиян үшін "Қазхромға" миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды.
Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында нормадан тыс ластаушы заттардың шығарындылары үшін 854 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

"2025 жылдың 1 тоқсанында Ақсу ферроқорытпа зауытының РОК-2 қазандығында 663,67 тонна көлемінде атмосфераға шығарындылардың рұқсат етілген нормаларының асып кетуі тіркелді", - деді экология министрлігі.

"Маңғыстаумұнайгазға" 32 млрд айыппұл салынды: Жоғарғы сотқа өтінішхат әзірленіп жатыр