"AyYola" тобының Маңғыстауда түсірілген бейнебаяны желіде жарияланды

Видеодадан Айрақты тауы мен Бозжыра шатқалы секілді көрікті жерлерін көруге болады
Sputnik
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Башқұрттың "Ay Yola" триосы Маңғыстау облысында түсірілген "Yola" әнінің бейнебаянын шығарды.
Шығармашылық топ видеоны бүгін әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларында, сондай-ақ YouTube платформасында жариялады.
Видеодадан Маңғыстау облысының Айрақты тауы мен Бозжыра шатқалы секілді көрікті жерлерін көруге болады.
Бейнебаян қазірдің өзінде 70 мыңнан астам қаралым жинаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Ay Yola" этно-поп тобы бейнебаян түсіру үшін Маңғыстауға барғаны хабарланған болатын.