АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Үндістандағы Ахмедабад әуежайында жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлайды РИА новости.
News18 ақпарат агенттігінің мәліметінше бортта 242 жолаушы болған.
Әуе кемесі Ахмедабад әуежайының маңындағы тұрғын ауданда апатқа ұшыраған. Әлеуметтік желіде бейнежазбасы тарап жатыр, онда көкке будақтаған қою қара түтін түсірілген.
Үндістанның Press Trust of India жергілікті ақпарат агенттігі ұшақтың әуежай маңындағы Меганинагар ауданында құлағанын жазды. Өрт сөндіруші Джаеш Хадияның айтуынша, ұшақ құлаған бойда отқа оранған. Оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер дереу жөнелтілген.
"Ұшақ әуежай маңындағы Меганинагар ауданында апатқа ұшырады. Қандай ұшақ құлағаны әлі белгісіз", - деді Ахмадабад полициясының комиссары Г.С. Малик.
Ұшақ Сардара Валлаббхай Пателя Ахмабата әуежайынан ұшқан, дейді Гуджарат штатының полицейлері. Диспетчерлік полицияның мәліметінше АІ 171 әуе кемесі Лондонға бағыт алған.