Құны 54 млрд теңге болатын таулы аймақтағы жер мемлекетке қайтарылды

Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуі керек
Sputnik
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Алматы қаласының прокуратурасымен таулы аймақтағы жерлер қайтарылды, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"Международная ассоциация клубов" ЖШС-не заңсыз түрде жеке меншікке берілген 840 гектардан астам жер анықталды. Жер аумағының жалпы құны 54 миллиард теңгені құрайды.
Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуі керек.
2025 жылдың 12 маусымында Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды.
Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды