Петропавл - Шарм-эль-Шейх тікелей әуе рейсі ашылады

Мұндай халықаралық рейстер солтүстік қазақстандықтар үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтуге септігін тигізеді деп күтілуде
Sputnik
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Шілде айынан бастап Петропавл — Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша жаңа туристік әуе рейсі іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен "Қызылжар халықаралық әуежайы" серіктестігінің жаңа директоры Өктем Мұстафа Йылтанмен кездесуде айтылды.
Болашақта Петропавлдан басқа да халықаралық бағыттарда рейс ашу жоспарланған.
"Маңызды жаңалықтардың бірі — түнгі рейстерге рұқсат берілуі. Бұл әуежайға тәулік бойы ұшақ қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа жанармай құю станциясы іске қосылды, бұл логистиканың жақсаруына, үлкен әуе кемелерін қабылдауға жол ашты", - деді серіктестік директоры.
Петропавл — Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша жаңа туристік әуе рейсі 2-ші шілдеден бастап іске қосылады.
"Мұндай халықаралық рейстер әуежайдың өткізу қабілетін ұлғайтып, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және солтүстік қазақстандықтар үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтуге септігін тигізеді", делінген хабарламада.
Шымкенттен Еуропа және Азия елдеріне тікелей рейс ашылды