Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

"Кім ойлаған". Трамп Украинадағы қақтығысқа қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Трамп дрондардың жылдам әрі ақылды жүйе болып шыққанын айтты
Sputnik
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты мысалға ала отырып, қазіргі заманғы соғысқа ұшқышсыз ұшақтардың айтарлықтай ықпалы бар екенін атап өтті. Бұл туралы ол Pod Force One подкасының эфирінде айтты.
"Біз тоқтатуға тырысып жатқан Ресей мен Украина арасындағы сұрапыл соғысқа зер салсаңыз, оның ұшқышсыз ұшақ соғысы екенін көресіз", - деді ол.
Трамп дрондардың жылдам әрі ақылды жүйе болып шыққанын және үш жыл бұрын олардың ұрыс алаңында соншалықты ықпалды болатынын ешкім елестете алмағанын айтты.
"Дрон осындай қуатты қару болады деп кім ойлаған! Ол көптеген басқа қару түрін, тіпті ұшақтарды да алмастырып отыр", - деді АҚШ президенті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресей Украинамен келіссөзді тоқтатпайды деп үміттенеді