Жамбыл облысында экология департаментінің басшысы сотталды

Ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды
Sputnik
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Тараз қаласының сотымен Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, "Тараз металлургия зауыты" серіктестігі бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асан сотталды.

"Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік беріп, пара ұсынғаны үшін кінәлі деп танылды. Үшеуіне жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салынды", - дейді агенттік

Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
2,7 млн теңге жымқырған: ШҚО-да "Қазселденқорғау" филиалының басшысы сотталды