АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. Ресей Украинадан Ыстанбұлда қол жеткізілген келісімдерді орындайды деп күтеді, деп мәлімдеді президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости хабарлады
"Ресей өз мойнына алған міндеттемелерін орындауға әрқашан дайын. Біз әлі де украиналық тараптың осы қағиданы ұстануын күтеміз. Ыстанбұлда қол жеткізілген уағдаластықтар орындалады деп күтеміз", - деді Песков.
Журналистер баспасөз хатшысынан Киевтің қаза тапқан өз сарбаздарының мәйітін қабылдайтынына үміт бар ма және Украина оларды алудан бас тартса, оларды Ресей аумағында жерлеуі мүмкін бе деп сұраған болатын.