Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мәскеу бейбітшілікті қалайды – Путиннің көмекшісі

Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің екінші кезеңі өтті
Sputnik
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Мәскеу бейбітшілікті қалайды, бірақ Киевтің саясатына жауап беруге мәжбүр болады, деді Ресей президенінтің көмекшісі Владимир Мединский.
"Біз бейбітшілікті қалаймыз. Бірақ егер Украина басқалардың ұлттық мүдделерін басшылыққа алуды жалғастыра берсе, онда бізге жай ғана жауап беруге тура келеді", - деді ол Ыстанбұлдағы келіссөздің екінші раундынан кейін Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында.
Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің екінші кезеңі өтті. Ресей делегациясын бұрынғыдай президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарып барды. Украина делегациясына елдің қорғаныс министрі Рүстем Умеров жетекшілік етті.
Ресей мен Украина тұтқын алмасу туралы келісімге келді: науқастар мен ауыр жаралылар, 25 жасқа дейінгі тұтқындар алмастырылады. Екі жақ та кем дегенде 1000 адамды қайтарады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Анкара Ресей-Украина келіссөзін жалғастыруға күш салады