Жазғы маусымда қосымша әуе рейстері іске қосылады

8 шілдеден 31 тамызға дейін қосымша рейстер қолжетімді болады
Sputnik
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. VietJetQazaqstan (QAZAQ AIR) әуе компаниясы жазғы кезеңде әуе тасымалына сұраныстың артуына байланысты бірқатар танымал бағыт бойынша қосымша рейстер ашылатынын хабарлады.
8 шілдеден 31 тамызға дейін келесі бағыттарда қосымша рейстер қолжетімді болады:
Астана – Омбы – Астана (қосымша 3 жиілік, билет бағасы 31 000 теңгеден басталады),
Астана – Түркістан – Астана (сейсенбі күндері, билет бағасы 16 000 теңгеден),
Астана – Шымкент – Астана (күн сайын, билет бағасы 20 000 теңгеден),
Шымкент – Жезқазған – Шымкент (бейсенбі және жексенбі күндері, билет бағасы 16 000 теңгеден).
Қосымша рейстер жазғы маусымдағы жолаушылар ағынының маусымдық өсуін, демалыс кезеңін, мектеп каникулдарын және іскерлік сапарларды ескере отырып жоспарланған.
Жыл соңына қарай Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей әуе рейсі ашылады