АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Ресейдің Краснодар өлкесінде ер адам энергетикалық нысанды қашықтан жарып жібермек болған. ФСБ түсірген видеода ол украиналық кураторының тапсырмасын орындауға бара жатқанын айтқан. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"2025 жылдың наурыз айының соңында ол (Украиналық куратор – ред.) маған Новороссийск қаласындағы энергетикалық инфрақұрылым нысанын қашықтан жаруға қажетті жарылғыш заттар сақталған қойманың фотосуреті мен координатын жіберді", - деді ұсталған Ресей азаматы.
Айтуынша оны жарылғыш заттар сақталған жерге бара жатқанда ФСБ қызметкерлері ұстаған.