АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Ресей мен Украина 2 маусымда Ыстанбұлда келіскен тұтқын алмасуының екінші кезеңі өтті.
"Келісімдер аясында Украинадан ресейлік әскери тұтқындардың екінші тобы қайтарылды. Олардың орнына Украина қарулы күштерінің әскери тұтқындарының бір тобы жеткізілді", - деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
Қазіргі уақытта ресейлік әскери қызметшілер Беларусь Республикасының аумағында, оларға қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетілуде, деп ъабарлады ведомстводағылар.
Барлық ресейлік әскери қызметші Ресей Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелерінде емделу және оңалту үшін Ресей Федерациясына жеткізілетіні де айтылды.