АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Қазақстандық өнерпаздар Витебск қаласында өтетін халықаралық "Славян базары" фестиваліне қатысады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесуде айтылды.
"Отырыс барысында Қазақстанда Беларусь мәдениетінің күндерін өткізу туралы бастама көтерілді. Министр мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы жоспарлар туралы келісіп, бұл шаралар өзара байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ "Лістапад" кинофестивалі аясында Қазақстан киносының күндері өтетіні айтылды. Қазіргі уақытта іс-шараны өткізуге қатысты мәселелер мен көрсетілетін фильмдердің тізімі нақтыланып жатыр.
Тараптар бірлескен іс-шараларды үйлестіру мақсатында жұмыс тобын құруға уағдаласты. Бұл бастамалар Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайта түспек.