Оңтүсік Кореяда заңды жұмыс істеуге рұқсат беретін келісім неге қабылданбай жатыр

Былтыр екіжақты келісім әзірленіп, Оңтүстік Кореяға жіберілген
Sputnik
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін келісімнің не себепті қабылданбай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатиннің айтуынша, былтыр екіжақты келісім әзірленіп, Оңтүстік Кореяға жіберілген.
"Бірақ Оңтүстік Кореяда үкіметтің ауысына байланысты бұл жұмыс сәл тежеліп қалды. Бірақ жаңа президент пен үкіметтің ұстанымын ескере отырып, биыл бірлескен жұмыс аяқталады деп ойлаймын",-деді Әбілхатин үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, Қазақстанда "Employment permit System" жүйесі аясында кореялық дайындық орталығын ашу жоспарланып отыр. Ол жерде қазақстандықтар заңды түрде жұмысқа орналасу шарттарымен танысады.
Енді қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады