АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Нидерландының Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын иеленді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша ел қоржынына 5 алтын және 3 қола медаль түсті.
Алтын медаль:
1.
Даниял Сәбит2.
Абылайхан Жүсіпов3.
Ерасыл Жақыпбеков4.
Дәулет Төлемісов5.
Нұрлан СапарбайҚола жүлде:
1.
Ертуған Зейнуллинов2.
Сабыржан Аққалықов3.
Сағындық Тоғамбай.Айта кетері, Абылайхан Жүсіпов финалда өзбекстандық Асадходжа Муйдинходжаевты жеңді. Алайда Өзбекстан бокс федерациясы Абылайхан Жүсіповтің жеңісін мойындамады.
"Қазақстандық боксшы жарақат алып қалып, жекпе-жек бірінші раундтан кейін тоқтатылды. Раунд тең өтті, төрешілер түсініксіз шешім қабылдап, 2:3 есебімен жеңісті Қазақстанға берді", – деп жазылған Федерацияның ресми мәлімдемесінде.