Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен экспорттаушыларға 2,8 млрд теңге өтемақы төленді

Өтемақы мөлшері экспорт бағытына байланысты бір тонна астық үшін 20-дан 30 мың теңгеге дейін құрайды
Sputnik
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайды алыс шетел нарықтарына жеткізетін ауыл шаруашылығы өндірушілері мен экспорттаушыларға 2,8 млрд теңге төледі.
10 маусымдағы жағдай бойынша көлік шығындарын өтеуге 345 өтінім түскен. Экспорттық жеткізілімдердің жалпы көлемі 16,8 млрд теңге сомасына 740,7 мың тонна бидайды құрады.
Экспорттың негізгі бағыттары:
Әзірбайжан – 329,3 мың тонна;
Балтық елдері – 224,5 мың тонна;
Грузия – 41 мың тонна;
Қара теңіз бен Балтық теңізінің порттары арқылы транзиттік маршруттар – 108,3 мың тонна.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларына сәйкес азық-түлік келісімшарт корпорациясы экспорттаушыларға 121,7 мың тонна бидай жеткізгені үшін 2,8 млрд теңгеден астам төледі", - делінген хабарламада.
Төлемдер жеткізу көлемі расталуына және субсидиялау шарттарының сәйкестігіне қарай кезең-кезеңмен жүргізіледі.
Өтемақы мөлшері экспорт бағытына байланысты бір тонна астық үшін 20-дан 30 мың теңгеге дейін құрайды. Субсидияларды төлеу қағидалары 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізілген тасымалдарға қолданылады.
Көктемгі егіске 6 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген несие алды