АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Ақмола облысында рекреация аймағындағы құны 500 млн теңгеден астам жер телімі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.
Жер заңнамасы бұзылғанын аудандық прокуратура анықтаған.
"Жер ресурстарын басқару бөлімі коммерциялық орман өсіру үшін жеке тұлғаға 36 гектар жертелімін заңсыз берген. Негізі бұл жер телімі халықтың демалысы мен сауықтыруына арналған рекреациялық аймаққа тиесілі", - дейді прокуратурадағылар.
Мәселенің ақ-қарасын сот қарап, кадастрлық құны 567 млн теңге тұратын жер телімі рекреациялық мақсаттағы жерлер құрамына қайтарылды.