Тоқаев Болгария президентін Ақордада қарсы алды

Ақордада екі елдің президенттері алдымен шағын құрамда кездеседі
Sputnik
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Болгария президентін салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Болгария президентіне министрлер мен әкімдерді таныстырды
Румен Радев Қазақстанға ресми сапармен келіп отыр. Ақордада екі елдің президенттері алдымен шағын құрамда кездеседі. Одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөз өтеді. Соның нәтижесінде бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.
Тоқаев Ақордада Болгария президентін салтанатты түрде қарсы алды
Айта кетері, Румен Георгиев Радев Болгарияны 2017 жылдан бері басқарады. 2021 жылы президент лауазымына қайта сайланған болатын.
Астанаға Словакия премьер-министрі ресми сапармен келеді