АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Астанада маусым айының басында тәртіп сақшылары бопсалау және алаяқтық әрекеттерге қатысы бар үш ұйымдасқан топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар елорда аумағында заңсыз әрекеттерін жүзеге асырған.
Қылмыстық топтың бірі азаматтарды қарумен қорқытып, 10 миллион теңгеге дейін ақша бопсалаған.
Қылмыстық топтың бірі азаматтарды қарумен қорқытып, 10 миллион теңгеге дейін ақша бопсалаған.
Екінші жағдайда қаладағы базарлардың бірінде кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалау арқылы олардың қызметіне көлеңкелі бақылау орнатпақ болған.
"Тергеу шаралары барысында травматикалық және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ қылмыстық схемаларда қолданылған болуы мүмкін микрокаржы ұйымдарының құжаттары тәркіленді. Барлық күдіктілер қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр.