АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы баспана бағасы бір айдың ішінде қалай өзгергенін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл сәуір айымен салыстырғанда мамырда жаңа пәтерлердің бағасы 0,7 процентке өсті. Ал қолданыстағы пәтерлер, керісінше, 0,3 процентке арзандаған. Баспананы жалға алу ақысы да 1,4 процентке төмендеді.
"Ресми мәліметке сәйкес, мамыр айында республика бойынша тұрғын үйді алып-сату бойынша 33 986 мәміле тіркелген. Бұл сәуірмен салыстырғанда 7,7 процентке аз", - делінген хабарламада.
Мәмілелер саны бойынша:
Алматы - 7 161;
Астана - 6 077;
Қарағанды облысы - 2 654 көш бастап тұр.
Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Абай (+11,4%) облысында және Алматы (+2%) қаласында тіркелген.
Мәмілелердің басым бөлігі 26 241 пәтерді сатып алуға арналған. Жеке үйлер бойынша 7 745 мәміле жасалды.